{metadescription}
Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды

Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды

Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Л. Сүйіндік 1985 жылы 26 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген. 

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Шеффилд университетін тәмамдаған. 

2008-2014 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. 

2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық БАҚ басқармасының басшысы. 

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 

2019 жылғы мамыр айынан бастап қазірге дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.