{metadescription}
Коронавирусқа байланысты «Қордай» шекара бекеті жабылды

Коронавирусқа байланысты «Қордай» шекара бекеті жабылды

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастың анықталуына байланысты Жамбыл облысындағы «Қордай шекара бекетін уақытша жабуға тура келген.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім етті. Мәлім болғандай, Қазақстан азаматы ел аумағына «Қордай» шекара пункті арқылы келген.

«22 маусымда Жамбыл облысындағы қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан «Қордай» орталық бекетінде көрші елден келген COVID 19-ға шалдыққан науқас анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бұл факті туралы Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына және Жамбыл облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлады.

Осыдан кейін шұғыл түрде науқасты, онымен жақын байланыста болған азаматтарды оқшаулау шаралары қолға алынды. Азаматтар шекарадағы өткізу пунктінің аумағында орналасқан изоляторға жатқызылды. Кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жедел жәрдем бригадасын шақырды. Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастың анықталуына байланысты өткізу пункті басшысының бұйрығымен «Қордай» бекеті уақытша жабылды», - делінген таратылған ақпаратта.

Атап өтілгендей, дезинфекторлар бекет ғимаратын өңдеу шараларын жүргізіп, ғимарат аумағы желдетілгеннен кейін пост өз жұмысын қайта жалғастырды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Жамбыл облысының мемлекеттік шекарасы арқылы 185 050 адам өтсе, оның 23-інен COVID-19 анықталды.


 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде