{metadescription}
Kоронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды

Kоронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан болған өлім-жітім статистикасы жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус инфекциясынан жеті адам қайтыс болды. Ковидтік пневмониядан бір пациент көз жұмды.

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан барлығы 4 268 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 432 адам қайтыс болды.

24 маусымдағы жағдай бойынша қазір 22 098 адам коронавирус инфекциясынан (–20 828 + және 1270 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 588 пациент стационарда, 15 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 408 адамның жағдайы ауыр,
  • 95 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 72 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде