{metadescription}
Алматыда вакцина алғандар арасында шетелге жолдама ойнатылады

Алматыда вакцина алғандар арасында шетелге жолдама ойнатылады

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева «Вакцина ал - жүлде ал» акциясы туралы айтты.

Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылады. Басты сыйлық - Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева Instagram парақшасында жазды.

«Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары мен қонақтары! Біздің «вакцина ал - жүлде ал» науқанымыз жалғасын тауып отыр. Екпенің бірінші компонентін салдырып, БАӘ-де екі адамның демалысына жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз. Сертификатты өзіңізге қолайлы уақытта пайдалану мүмкіндігімен беріледі. Науқан 24 маусымда басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздарды тікелей эфирде анықтаймыз», - деп жазды ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде