{metadescription}
ДДСҰ балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат берді

ДДСҰ балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балаларға коронавирусқа қарсы екпе салуға болатынын алғаш рет мойындады.

Құжатқа сәйкес, балалар қауіп тобына кірмесе, вакцинация науқаны шұғыл түрде жүргізілуі керек. Егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдарға, денсаулық сақтау қызметкерлеріне басымдық берілуі керек.

Ұйымның мәлімдемесінде айтылғандай, COVID-19-ға қарсы вакциналар 18 жастан жоғары адамдардың көбісі үшін, соның ішінде аутоиммундық ауытқуларды қосқанда, кез келген типті ауруы бар адамдар үшін қауіпсіз. Мұндай жағдайларға гипертония, диабет, астма, өкпе, бауыр және бүйрек аурулары, сондай-ақ бақыланатын кейбір созылмалы инфекциялар кіреді. Балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда COVID-19-ды жеңіл түрде қабылдайтыны жазылған.

"ДДСҰ сарапшыларының стратегиялық консультативтік тобы (SAGE) Pfizer / BionTech вакцинасын 12 жастан бастап пайдалануға болады деген пайымға келді. Тәуекелі жоғары топқа жататын 12-ден 15 жасқа дейінгі балаларға бұл вакцина басқа басым топтағылармен бірге ұсынылады", - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.