{metadescription}
БҚО-да оқушылардың ата-аналары мемлекет берген планшеттерді ломбардқа өткізіп жіберген

БҚО-да оқушылардың ата-аналары мемлекет берген планшеттерді ломбардқа өткізіп жіберген

Батыс Қазақстан облысында оқушылардың ата-аналары қашықтан оқыту үшін берілген планшеттерді ломбардқа өткізіп жіберген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Облыстық білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Ардақ Еркамешева 2020-2021 оқу жылының басында республикалық бюджеттен оқушыларды оқыту үшін 14 970 ноутбук пен планшет сатып алуға екі миллиард теңге (4,6 миллион доллар) бөлінгенін айтты.

"Бас санитар дәрігер енгізген шектеулермен жыл соңында барлығы 380 білім беру мекемесінің 100 мектебінде оқушылар қашықтықтан білім алды. Оқушыларға 7 223 ноутбук пен планшет берілді. 25 мамырға қарай аталған техника толық қайтарылды, бірақ 83-і жұмыс істеуге жарамсыз күйде болды", - деді Ардақ Еркамешева.

Сонымен қатар, ол мектеп пен ата-аналар арасында жабдықты беру кезінде келісім жасалғанын, оған сәйкес ата-аналар берілген планшеттер мен ноутбуктер үшін жауап беретінін атап өтті, деп жазады "Мой город". Егер техника жұмыс істемей қалса, онда ата-аналар орнына техникалық сипаттамалары сәйкес келетін жаңа техниканы қайтаруы керек.

Көбіне планшеттер бұзылған. Мұның себебі – балалардың ұқыпсыздығы: балалар оларға су құйып немесе төгіп жіберуі мүмкін. Планшет өртте жанып кеткен жағдайлар болған.

"Кейбір отбасыларда ата-аналар планшеттерді ломбардқа өткізген бірнеше жағдай болды, мұндай жағдайлар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Содан кейін сот тәртібімен залал өтелді", - деді Ардақ Еркамешева.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.