{metadescription}
Египет вакциналанған шетелдіктердің ПТР анықтамасыз елге кіруіне рұқсат берді

Египет вакциналанған шетелдіктердің ПТР анықтамасыз елге кіруіне рұқсат берді

Коронавирусқа қарсы толық вакциналанған шетелдіктер шекарада вакциналаудан өткені туралы сертификатты ұсынған жағдайда ПТР тестілерінсіз Египетке кіре алады.

Бұл туралы сәрсенбіде елдің денсаулық сақтау және халық саны министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және Египеттің Дәрі-дәрмектер басқармасы мақұлдаған вакциналар кіреді. Екі компонентті вакцинаның («Спутник V», Pfizer, AstraZeneca, Moderna, Sinopharm, Sinovac) екінші дозасын алғаннан кейін 14 күн өткен соң немесе бір компонентті Johnson & Johnson вакцинасының бірінші дозасын алғаннан кейін 14 күн өткен соң елге кіруге рұқсат етіледі. Сертификаттарда QR-код және ресми органның мөрі болуы тиіс, ешқандай түзетулерге, қолмен жазып жөндеуге немесе қосып жазуға жол берілмейді», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Сонымен қатар бұл «коронавирустың мутацияланған штамдары кездеспеген» елдерге қатысты болады деп көрсетілген. Егер жолаушы мутациялар тіркелген елдердің бірінен келсе (бұған Үндістан, Бангладеш, Пәкістан, Бутан, Мьянма, Непал, Вьетнам, Шри-Ланка, Бразилия және басқа да Латын Америкасы елдері кіреді), онда тіпті вакциналанғаны туралы куәлігі болса да, елге келуші азамат әуежайда коронавирусқа молекулалық экспресс-тест тапсыруы керек.

Тестісі оң нәтиже көрсетсе, шетелдік азамат тағы да ПТР тестілеуінен өтуге міндетті. Егер бұл тестісі оң нәтиже көрсетсе, онда хаттама күшіне енеді, оған сәйкес ауру жұқтырған азамат ковид ауруханасына жатқызылады, деп түсіндірді Египеттің Денсаулық сақтау министрлігі.

Египетте жаңа коронавирусқа қатысты жағдай біршама тұрақтанды. Мамыр-маусым айларының басында күн сайын мыңнан астам жаңа жағдайлар тіркелген болса, қазіргі уақытта ауруға шалдыққандардың орташа тәуліктік өсімі 500 адамға дейін төмендеді. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, пандемия басталғалы бері елде 278 мыңнан астам адам сырқаттанған.

206 мыңнан астам адам толық сауығып шықса, 15,9 мың науқас қайтыс болған. Өткен тәулікте ауруы асқынған 37 адам көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде