Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Үндістанда вакцина салу кезінде әйелдер ерсі қылық көрсетіп жатыр
Өткен жылдың наурызынан бері Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 30 миллионға жуықтады.
16:02 24.06.2021
Әлеуметтік желіде Үндістан тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе салу кезінде түсірілген видео тарады.
"Үндістанда COVID-19-ға қарсы вакциналаудың ерекшеліктері," – деп видео астына жазды ресейлік жүргізуші Владимир Соловьев.
Бейнероликте жергілікті медицина қызметкерлеріне екпе салуына қарсылық білдіріп жатқан Үндістан тұрғындарын көруге болады. Вакциналанатын әйелдер жан дауысы шыққанша айғайлап, қолдан сытылып шығуға әрекет жасап жатыр.
Біраз бұрын хабарланғандай, Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны өткен жылдың наурызынан бері 30 миллионнан асып түсті. Ал екпе салдырғандардың саны 287 миллион адамды немесе елдегі халықтың 20%-інен сәл асқаны белгілі.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram