{metadescription}
КамАЗ-дың су толған цистернасы жұлынып кеткен: Алматыда жол апаты болды

КамАЗ-дың су толған цистернасы жұлынып кеткен: Алматыда жол апаты болды

Автокөлік жылдамдықпен су құятын машинаға соқтығысып, жеке тұрғын үйдің қоршауын бұзды.

Алматыдағы Алатау ауданында Шұғыла мен Түймебаев көшелерінің қиылысында Mercedes жеңіл көлігі мен КамАЗ соқтығысты. Куәгерлер хабарлағандай, Түймебаев көшесімен жүріп келе жатқан Mercedes жылдамдықты асырып, "Жол бер" белгісіне қарамастан көше қиылысына шығып кетеді. Осы кезде су құятын КамАЗ көлігі келе жатқан, деп жазады sputnik.

Осылайша Mercedes жоғары жылдамдықпен КамАЗ-дың кабинасына соқтығысады. Содан кейін жеңіл көлік артқа жылжып кетіп қоршауды бұзады. Соңында жеке тұрғын үйге соғылады. Қатты соққының салдарынан КамАЗ-дың су цистернасы жұлынып кетті. Жол апатынан КамАЗ жүргізушісі мен жолаушысы, жеңіл көлік жүргізуші мен оның екі жолаушысы жарақат алды. Барлығы ауруханаға жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде