Алматыда субұрқақта тоқ соққан екі қыз ауруханадан шықты
Алматыдағы субұрқақта тоқ соққан сегіз және он жасар екі қыз ауруханадан шықты.
15:41 25.06.2021
Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
«8 және 10 жасар қыздың жағдайы жақсарып, бүгін үйіне шықты. Одан әрі оларды үйде бақылайтын болады. Түскен кезде оларға электр жарақаты, екеуіне де бірінші дәрежелі күйік диагнозы қойылған болатын», - дейді Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.
Еске сала кетейік, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!