{metadescription}
Елордада бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

Елордада бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

20 шілде күні полицияға көптеген жарақат алған 2 жасар сәбидің қалалық балалар ауруханасына түскені туралы хабар келген.

Күндізгі уақытта баланың анасы қызын үйде жалғыз тастап, дүкенге шығып кеткені анықталды. Ашық қалған терезенің алдына тырмысып шыққан бала москит торына тіреліп, содан кейін 4 қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәл сол күні 1-қабаттың балконынан 4 жасар бала құлап кеткен. Абырой болғанда, бала ауыр жарақаттар алмаған. Пәтерде бүлдіршін үлкендермен бірге болған. Оның ата-анасы ас үйде тамақ ішіп жатқанда, бала келесі бөлмеде ойнап отырған.

Полицияда атап өткендей, жыл басынан бері елордада көп қабатты үйлердің терезесінен 13 бала құлап кеткен, біреуі көз жұмған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.