{metadescription}
Тоқаев ауыл әкімдерінің сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев ауыл әкімдерінің сайлауына қатысуға шақырды

Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек, деп атап өтті мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  25 шілдеде өтетін ауыл әкімдерінің тікелей сайлауына қатысты пікір білдіріп, азаматтарды сайлауға қатысуға шақырды.

"25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли сайлау науқаны барысында азаматтарымыз жоғары белсенділік танытып, тұрғындардың мемлекет ісі мен қоғам өміріне етене араласатынын және еліміздің қазіргі дамуы мен келешегіне зор жауапкершілікпен қарайтынын көрсеткенін, мұны президент "азаматтық патриотизмнің шын мәніндегі шынайы көрінісі" деп атағанын жазды.

"Жергілікті атқарушы органдардың басшылары саналатын әкімдер мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – отандастарымыздың тұрмыс сапасын арттыру мәселесін шешуде негізгі рөл атқаруға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдар мен аудандық маңызы бар қалалардың тұрғындарын дауыс беруге белсенді қатысуға шақырады. Мемлекет басшысы сайланған кандидаттардың бәрі өзі ісінің маманы болатынына және халықтың үмітін ақтай алатынына сенім білдіреді", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.