{metadescription}
Алматыда үй карантинін бұзған 82 адамға айыппұл салынды

Алматыда үй карантинін бұзған 82 адамға айыппұл салынды

Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебедегі 82 адамға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

COVID-19 анықталған алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін ХҚО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай және т.б. мекемелердің қызметтерін пайдаланбақ болған. Төменде көрсетілген «қызыл» мәртебедегі адамдар «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмеді. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған тұрғындар – банктер, университеттер, сауда, мейрамханалар, білім беру ұйымдары, байланыс, зейнетақы қоры және басқа да нысандардың қызметкерлері.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады. Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.