{metadescription}
Алматыда әскери ЖОО-да курсант оқ жарақатын алды

Алматыда әскери ЖОО-да курсант оқ жарақатын алды

Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты сабақ кезінде оқ жарақатын алды.

Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпаратқа байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды. 2021 жылғы 20 шілдеде Құрлық әскерлерінің Әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік сабақтары барысында курсанттардың бірі қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзу себебінен еріксіз автоматты түрде оқ атылды. Оқ басқа курсанттың аяғына тиген", - делінген Қорғаныс министрлігінің Telegram-арнасындағы хабарламада.

Ведомство мәліметінше, зардап шегуші жедел түрде Алматы қаласының әскери клиникалық госпиталіне жеткізілген. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Ата-анасына хабарланды. Қазіргі уақытта факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.