{metadescription}
Алматы облысында судья 9 жылға сотталды

Алматы облысында судья 9 жылға сотталды

Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

Cудья Сүлейменовке орман шаруашылығының директоры Юлдашовтан алдау жолымен 12 миллион теңге пара алды деген айып тағылды. Ол ақшаны өзі шығарған ақтау үкімін күшінде қалдыру үшін облыстық судьяларға беремін деп алған. Алайда облыстық сот Юлдашовты соттады.

"2021 жылдың 22 шілдесінде Талдықорған қалалық соты Сүлейменовты 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - деді Бекайдаров брифингте.

Осы үкім бойынша Юлдашов пара беруге оқталғаны үшін және Имиров пара беруге қатысқаны үшін 8 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты тергеу былтыр  қыркүйекте басталды. Ол жеке тұлғадан сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.