{metadescription}
Елордада тамақтандыру орындары қысқартылған жұмыс режиміне көшті

Елордада тамақтандыру орындары қысқартылған жұмыс режиміне көшті

Елорданың санитар дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтандыру орындары қысқартылған жұмыс режиміне көшті.

Сонымен, сенбі және жексенбі күндері елорданың қоғамдық тамақтану орындары – дәмханалар, мейрамханалар, кофеханалар жұмыс істемейді. Бұл ретте тамақты жеткізу және өзімен алып кету штаттық режимде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жоғарыда аталған қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс күндері таңғы сағат 7-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, ал "Ashyq" жобасына қатысатын мекемелер кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істей алады. Асханалар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 21:00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі және жексенбі күндері елордалық сауда және ойын-сауық орталықтарына және тағы басқа нысандардың жұмысына тыйым салынған.

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 14 шілдедегі хаттамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы қаулы қабылданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.