{metadescription}
Атырау облысында жел мектеп шатырын ұшырып әкетті

Атырау облысында жел мектеп шатырын ұшырып әкетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 22 шілдеде қатты желден Қарабау орта мектебінің шатыры бүлінген.

«Кеше желдің ұйытқуы секундына 20-23 метрге жетті. Қатты желдің салдарынан сағат 16:39 минут Қызылқоға ауданының Қарабау ауылындағы орта мектептің шатыры ұшып кетті. Бүлінген аумақтың жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, бұл мектеп 1978 жылы салынған. Мектепке 2019 жылы күрделі жөндеу жүргізілген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.