{metadescription}
Алматыда ер адам жауап алудан кейін өз-өзіне қол жұмсады

Алматыда ер адам жауап алудан кейін өз-өзіне қол жұмсады

Хаттама толтырып, жеке тінтуден кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсаған, қайтыс болған азаматтың туыстары оның суицид жасағанына сенбейді.

 «Қаржы мониторингі агенттігінің тергеушісі қылмыстық салғырттыққа жол бергені үшін кінәлі деп танылды. Тергеуші жауап алғаннан кейін ер адам терезеден секіріп кеткен. Алматыда сот тергеушіні кінәлі деп тауып, оған қатысты үкім шығарды»,- деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі ("Абайсызда ауыр зардаптарға алып келген салғырттық") бойынша екі жылға сотталды. Сот үкімі 9 шілдеде шықты. 

«Ол күдіктінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін тергеуге алынды. Күдіктінің ментальді сырқаты қозып, өз-өзіне қол салды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстандық БАҚ өткен жылдың қыркүйегінде 44 жастағы Ерлан Қоныспаевтың көз жұмғаны туралы жазған. Ол ғылым саласына бөлген қаражатты жымқыру фактісіне байланысты жауап алуға шақырылған. Жауап алғаннан кейін тергеуші Қоныспаевты уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім қабылдайды.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.