{metadescription}
Қатты нөсер салдарынан үй құлап, 7 адам қаза тапты

Қатты нөсер салдарынан үй құлап, 7 адам қаза тапты

Жұма күні түнде Мумбайдағы тұрғын үй құлап, жеті адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алған.

Қалалық полицияның мәліметіне сәйкес, оқиға қаланың шығысындағы Гованди ауданында болған. Үйдің қирауына қатты нөсерден туындаған су тасқыны мен балшық ағындары себеп болған. Бір тәулік ішінде қалада 380 мм-ге жуық жауын-шашын түсті.

Шілде айының ортасында Үндістанның Батыс жағалауында, соның ішінде Мумбайда күшті муссондық нөсер маусымы басталды. 19 шілдеде Шамбур, Вихроли, Бхандпур аудандарында сел мен су тасқынынан туындаған ғимараттардың құлауынан Мумбайда 33 адам көз жұмды. Қаланың ойпатты аудандары су астында қалды.

Билік ұлттық әскери-теңіз күштерінен құтқару жұмыстарын жүргізуге көмек сұрады. Елдің батыс Әскери-теңіз қолбасшылығы құтқару топтарын жұмылдырды және азаматтық әкімшілікке көмек көрсету үшін әскери тікұшақтарды тартты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.