{metadescription}
«Алакөлде коронавирус жоқ»: Қайрат Нұртас мыңдаған көрерменге концерт берді

«Алакөлде коронавирус жоқ»: Қайрат Нұртас мыңдаған көрерменге концерт берді

Әнші концерт өткізгенін жасырмай, видеоны Instagram парақшасында жариялады.

Қазақтың танымал әншісі Қайрат Нұртас Алакөлде концерт берді. Видеода іс-шара карантиндік талаптар сақталмай өткені анық байқалады. Ол видео астында:

«Алакөл, рақмет!», - деген жазба қалдырды.

Жарияланған кадрлардан концертке көптеген адамдар келгендігі, олардың барлығы бір-біріне жақын және бетпердесіз тұрғандығы көрінеді. Әншінің әріптестері қуанып, ризашылықтарын эмодзи арқылы білдіріп жатты.

Бірақ желі қолданушылары оқиғаны сынға алып, пікір  қалдыруда: «Алакөлде коронавирус жоқ», «Құрбан айтта дұға оқуға тыйым салынды, бұны қалай түсінеміз?», «Вирус Алакөлге жетпеген сияқты. Бетперде киген бірде-бір адамды көрмеймін », «Карантинде қандай концерт?».

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде