{metadescription}
Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды

Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды

Бүгін, 23 шілдеде Жапонияның Токио қаласында XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты өтіп жатыр.

Токиода Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты басталды. Коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада бір жылға кешігіп өткізіліп жатыр. Қалада спортшыларға әртүрлі шектеу қойылған.

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиада бағдарламасына бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг секілді спорттың бес түрі енгізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша айтулы аламан бәсекеге жұмыр жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Жарысқа қатысушылардың тең жартысына жуығы әйелдер болмақ. Ұйымдастырушылар оның гендерлік теңдікті білдіретінін айтады.

Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды. Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті айтулы аламанға баратын тізімді нақтылау мақсатында іріктеу және рейтингтік жарыстары аяқталғаннан кейін қорытынды шығарды. Токио төрінде Қазақстан жалауын қызылордалық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұстап шығады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде