{metadescription}
Қазақстандықтар Олимпиада ойындарын тікелей эфирден көре алады

Қазақстандықтар Олимпиада ойындарын тікелей эфирден көре алады

Қазақстан XXXII жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты Жапонияның "Dentsu Inc"  компаниясымен келіссөзді нәтижелі аяқтады.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Хабар" агенттігі" АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді", - деп "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар. Телеарналардағы олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде