{metadescription}
Қазақстан спортшылары Олимпиада шеруінде жүріп өтті

Қазақстан спортшылары Олимпиада шеруінде жүріп өтті

Қазақстан спортшылары Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада шеруінде жүріп өтті.

Ашылу салтанатында алдымен Грекиядан келген спортшылар топ бастап шықты. Бұл тұңғыш Олимпиада өткен ел ретінде дәстүрге айналған. Одан кейін әлемнің әр қиырында шашырап жүрген адамдардан жиналған босқындар құрамасы шықты.

Қазақстандық 97 саңлақ күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды. Токио төрінде Қазақстан жалауын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұстап шықты. Биылғы Олимпиаданың бір ерекшелігі - әрбір мемлекеттің туын ұстап шығу мәртебесі екі спортшыға жүктеледі.

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті айтулы аламанға баратын тізімді нақтылау мақсатында іріктеу және рейтингтік жарыстары аяқталғаннан кейін қорытынды шығарды.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде биыл жетінші Олимпиадаға аттанды. Қазақстан құрама сапынан 96 спортшы алғаш рет 1994 жылы Жазғы Олимпиадада бақ сынауға мүмкіндік алған еді. Сол жолы отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс, 4 қолаға қол жеткізіп, жалпы командалық есепте 24-орынға табан тіреді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.