{metadescription}
Пандемиядa дәрігерлердің үстемақысын жымқырғандар сотталды

Пандемиядa дәрігерлердің үстемақысын жымқырғандар сотталды

22 медициналық қызметкерге пандемия жағдайында жұмыс істегені үшін тағайындалған үстемақыны иемденген Жуалы ауданының орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен оның екі қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты.

 «Байтөриев әкімшілік бөлімінің бастығы Оманов пен кассир-бухгалтер Мырзалиеваның көмегімен аурухананың 22 медициналық қызметкерге коронавирус инфекциясымен күресу бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде эпидемиологияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін жалақысы үстінен тағайындалған жалпы сомасы 2 миллион 711 мың теңгені құрайтын үстемеақыны алдау және сенімге қиянат жасау арқылы заңсыз иемденді деп күдікке ілінді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі

9 шілдеде Бас дәрігердің орынбасары А. Байтөриев ҚК 3-бап 3-бөлім 190-бап бойынша 4 жылға бостандығы шектелді. Әкімшілік бөлімнің басшысы Х. Омановқа да 4 жыл мерзімге шектеу шаралары берілді. Аурухананың есепші Э. Мырзалиева 3 жыл 6 ай мерзімге бостандығы шектелді.

Айта кетейік, 1 қазаннан бастап коронавируспен күресте эпидемияға қарсы шараларға қатысатын бірінші тәуекел тобының медицина саласындағы қызметкерлеріне жәрдемақы беру тоқтатылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.