{metadescription}
Биологиялық жасы 144-тегі қыз 18 жасын тойлап қайтыс болды

Биологиялық жасы 144-тегі қыз 18 жасын тойлап қайтыс болды

Ағылшынның Батыс Суссекс елді мекенінің тұрғыны Ашанти Смит 18 жасында ерте қартаюмен көрінетін сирек кездесетін генетикалық аурудан қайтыс болды.

Ашанти Хатчинсон - Гилфорд синдромымен дүниеге келді және оны Прогерия деп те атайды. Мұндай аурумен ауыратын адамдар сегіз есе жылдам қартаяды. Қыз 18 жасқа толғаннан кейін бірнеше аптадан соң отбасы мен достарының ортасында жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. 

Өлер алдында ол анасы Фибиге:

"Мама, мен сізді жақсы көремін, бірақ сіз мені жіберуіңіз керек!", - деп айтқан деп жазады басылым.

"Ашантидің өмірі қуанышқа толы болды. Прогерия оның жүрісіне шектеу болғаннан басқа ешнәрсе істей алған жоқ. Ол кәдімгі 18 жасар қыз болды және мен оны осынысымен жақсы көрдім. Қызым керемет көңілді жүретін әрі ешкімнің көңіліне тиіп алғысы келмейтін" , - деді қыздың анасы.

Денсаулығына байланысты проблемаларға қарамастан, Ашанти кәмелетке толған мейрамын "Жағажайдағы секс" коктейлімен атап өткен.

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.