Алматыда карантин күшейтілді – Бекшин себебін түсіндірді
Қаулыға медициналық инфрақұрылымға қысымды азайту мақсатында қол қойылды, деп атап өтті қаланың бас санитар дәрігері.
14:22 24.07.2021
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинді күшейтуге індетті жұқтырғандар санының артуы себеп болғанын мәлімдеді – өткен тәулікте мегаполисте 1080 науқас тіркелді.
"Қаулыға медициналық инфрақұрылымға қысымды азайту мақсатында қол қойылды. Біздің дәрігерлер ауруханаларда 12-14 сағаттан жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдай аптап ыстықта болып жатқанын ескеру керек", - деді ол баспасөз конференциясында.
Ол сондай-ақ дәмханалар мен мейрамханалар азық-түлік сатып алып қойғандықтан, кәсіпкерлерге дайындалуға 3 күн (қаулы 23 шілдеде шықты, 26 шілдеде күшіне енеді) берілгенін атап өтті, сондай-ақ олардың экономикалық жағдайы да ескерілуі керек.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!