{metadescription}
Елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

Елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

Бұл сайлауда республика бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округіне 730 әкім сайланады.

Тағы 45 басшы жыл соңына дейін сайланады, ол үшін әкімдердің өкілет мерзімі аяқталуы қажет. Сайлау сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Сайлау учаскелерінде дауыс санау дауыс беру аяқталғаннан бастап 12 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Қорытынды сайлау өткеннен кейін үш күн ішінде шығады.

Елімізде өтіп жатқан ауыл, ауылдық округ, кент және аудандық маңызы бар әкімдерін сайлауға 14 облыстағы дауыс беруге құқылы халықтың 13 пайызы қатысады. Аумақтық сайлау комиссияларының деректері бойынша дауыс беруге 1 209 817 сайлаушы қатысады. Бұл 14 облыстағы сайлаушылардың 13% - ы деген сөз. Олар осы сайлауға деп жасақталған 1847 сайлау учаскесінде бүгін өз таңдауларын жасап, ел тарихында тұғыш рет өз әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы таңдайды.

Аталған 730 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылған. Солардың 2297-і тіркеуден өткен. Кандидаттардың басым бөлігі – өз-өзін ұсынушылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде