{metadescription}
Cу тасқынынан жүздеген адам мерт болды

Cу тасқынынан жүздеген адам мерт болды

Үндістанның батысында құтқарушылар Гоа және Махараштра штаттарында болған алапат су тасқыны салдарынан тірі қалғандарды іздестіру мақсатында құлаған ғимараттардың орнын тексеріп жатыр.

Махараштра штатында табиғат апаты салдарынан 136 адам мерт болды. Билік өкілдері қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деп алаңдап отыр. Су басқан аудандардан ондаған адам эвакуацияланды. Туристер арасында танымал Гоа штатында үйлерді су басып, мыңдаған ғимаратқа зақым келді. Мумбай аумағында ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Агенттіктің хабарлауынша, Үндістанда нөсер жауын, маусым мен қыркүйек аралығында жылда жауады. Алайда мұндай жағдай Гоа штатында көптен бері болмаған. Вишваджит Рейн штатының Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, мұндай көлемдегі жауын Гоада 50 жылдан бері болмаған.

«Тұрғындар қолда барының бәрінен айырылды», - деп бейнеледі ол штатағы жағдайды.

Мумбай қаласы маңындағы Талийе ауылында сел жүрген соң тек екі бетон үй ғана қалып, ондаған үй 1 минутта бұзылып, жоқ болды, деп хабарлайды Франс Пресс куәгерлердің сөзіне сілтеме жасап. Оқиғаның салдарынан 40-тан астам адам мерт болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде