{metadescription}
Оралда ер адам құбыр мен үйдің қабырғасы арасына қыстырылып қалды

Оралда ер адам құбыр мен үйдің қабырғасы арасына қыстырылып қалды

Оралда іш киімі ғана бар ер адам құбыр мен көпқабатты үйдің қабырғасы арасына қыстырылып қалды.

Оқиға 23 шілде күні таңертең болды. Ер адамға көмекке құтқарушылар келді. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Зачаганск қаласында Мөңкеұлы көшесінде орын алды.

"Көп қабатты үйдің қабырғасы мен газ құбырының арасында, бірінші және екінші қабаттардың арасында қыстырылып қалған ер адам туралы қоңырау 6:13-те келіп түсті. Мас ер адамды құтқаруға жарты сағаттан аз уақыт кетті", - деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.