{metadescription}
Қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин Олимпиадада 1/8 финалға шықты

Қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин Олимпиадада 1/8 финалға шықты

Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин алғашқы жекпе-жегінен сүрінбей өтті.

Ол 63 келіде перулік Леодан Песо Сабойямен қолғап түйістірді. Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс 5:0 есебімен қазақстандық боксшыға берілді.

Осылайша ол 1/8 финалға жолдама алды. Закир Сафиуллин 2015 жылы Азия чемпионы атанған.

Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылар сегіз салмақта бақ сынайды. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Коңқабаев (91 келіден жоғары) бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде