{metadescription}
Теміртауда төбелес кезінде 12 жастағы бала қайтыс болды

Теміртауда төбелес кезінде 12 жастағы бала қайтыс болды

Теміртауда өлімге апарып соқтырған балалардың төбелесі бейнежазбаға түсіп қалды.

24 шілдеде ескі қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Теміртаудағы қалалық балалар ауруханасында 12 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түсті. Жанжалдың соңы төбелеске ұласып, әлгі бала жарақат алған. Oқиға болған жерде ол есінен танып қалды. Желіде төбелестің видеосы жарияланды. 

"Вега ауданында төбелес салдарынан бала қайтыс болды. Ол төбелеспеген, тек ажыратқысы келген. Тобымыз баланың жақындары мен туыстарына көңіл айтады", - делінген видеожазба хабарламасында.

Полицейлер анықтағандай, зардап шеккен бала қала үйлерінің бірінің ауласында 13 жастағы баламен ұрсысып қалған.

"Оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Рустам Құлкеев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.