{metadescription}
Алматыда көлік жуу орны мен кафе өртенді

Алматыда көлік жуу орны мен кафе өртенді

Алматыда үш қабатты ғимараттың шатыры жанып кетті.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 25 шілде күні сағат 13:50-де құтқарушылардың Горный гигант, Ахмедияров көшесі, 20 мекенжайына шыққанын хабарлады. Сағат 13.57-де жеткен кезде бірқабатты көлік жуу және кафе мен оған жақын үшқабатты ғимараттың шатырлары ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралу қаупі болды.

«Өрт орнында жедел штаб құрылды. Энергиямен қамтамасыз ету қызметі нысанды тоқтан сөндірді. Қысқа мерзімде өрттің таралу қаупі тоқтатылып, 25 минут ішінде өрт сөндірілді», – деп нақтылады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер 25 минут ішінде өртті ауыздықтаған. Оған 23 техника мен жеке құрамның 70 адамы жұмылды. 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде