{metadescription}
Дзюдошы Жансай Смағұлов Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады

Дзюдошы Жансай Смағұлов Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады

Дзюдодан 73 келіде сынға түскен Қазақстан командасының мүшесі Жансай Смағұлов үшін Токио Олимпиадасы аяқталды.

Смағұлов үшінші айналымда канадалық Артур Маргелидонмен кездескен болатын. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаздар қосымша уақытта анықталды. Бірінші болып «ваззари» ұпайын алған Канада өкілі келесі айналымға өтті, деп жазады Olympic.kz.

Дзюдодан Қазақстан командасының еншісінде Елдос Сметов еншілеген жалғыз медаль бар. Кеше Ерлан Серікжанов (66 келі), бүгін Жансай Смағұлов (73 келі) жарысты ерте аяқтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.