{metadescription}
Алматыда өгей әке 13 жасар қызын өлтірді деген күдікпен қамалды

Алматыда өгей әке 13 жасар қызын өлтірді деген күдікпен қамалды

23 шілде күні Талғар қаласындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 13 жасар қыздың денесі табылды.

«Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іс-шаралар өткізіп, қыздың өгей әкесін күдікті деп таныды. Белгілі болғандай, ер адам қыздың анасымен азаматтық некеде тұрған екен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқиға орнынан жасырынған күдіктіні Алматы қаласының аумағында Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұстады», - деді брифинг модераторы Шұғыла Тұрлыбек.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бірнеше рет атап өткендей «балалар – қоғамның ең қорғалмаған бөлігі және олардың бақытты әрі қауіпсіз балалық шақтарын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдау біздің міндетіміз. Баланы ренжіткен немесе жәбірлеген, оған психологиялық немесе физикалық жарақат келтірген адамдар қатаң жазалануы керек». Өкінішке қарай, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңнаманы жетілдіріп, қатайтуға қарамастан, мұндай қылмыс түрлері жалғасуда», - деді ол.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстардың 70%-дан астамын балалардың туыстары, жақын адамдар жасайды. Яғни, аналардың бірге тұратын адамдар, өгей әкелері, туыстары, көршілері, таныстары болып келеді.

«Бұл жерде баланың қоршаған ортасын бақылауды күшейту қажет, өйткені кейде біз балаларымызға қауіп төндіретін айқын белгілерді байқамаймыз, олардың көмек сұраған дауыстарына құлақ аспаймыз. Бұл бағытта мектеп, ата-аналар, ювеналды қызметтер жұмысын ретке келтіру керек», - дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Меңдібаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.