{metadescription}
Ірі метеорит құлап, жер сілкінді

Ірі метеорит құлап, жер сілкінді

Норвегияның үстінен ұшып бара жатқан алып метеорит ауада жарылып, айналадағы кеңістікке ерекше жарық шашты.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда метеорит от шарына ұқсас елес беріп, түнгі аспанды жарықтандырып, секундына 15-20 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Адамдар сонымен қатар жарылыс дауысын естіген. Норвегия астанасы Ослоға жақын орманды алқапта метеориттің қалдықтары жерге түсуі мүмкін деген болжам бар. Мамандардың сөзінше, мұндай метеориттің сынықтарын іздеу кем дегенде он жылға созылуы мүмкін.

Норвегиялық метеорологиялық жүйесі аспан денесінің қозғалысын бақылап жүргендерін айтқан. Метеорит алғаш рет Ослодан солтүстікке қарай Нордмарка ауылының үстінен көрінген, кейін ол оңтүстік-батысқа қарай жылжып отырған. Содан кейін аспан денесі бірнеше бөліктерге бөлініп кеткен.

Құлау кезінде көпшілік жер сілкінісі секілді күшті соққыны сезінгендерін айтқан. Ешқандай қиранды мен жарақат алғандар жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде