{metadescription}
Қазақстанда 2500-ге жуық отбасы 1 жыл тұрмай ажырасып кеткен

Қазақстанда 2500-ге жуық отбасы 1 жыл тұрмай ажырасып кеткен

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты.

«2020 жылы қазақстандықтардың көпшілігі 1 жылдан 4 жылға дейін некеде тұрып, ажырасып кеткен. Мұндай 14 700 жағдай тіркелген. 2 300 жұп 1 жыл тұрмай ажырасқан. Мұндай жағдай әлеуметтік жетімдік, толық емес және аз қамтылған отбасылар санының артуы, алимент төлемеу сияқты басқа да әлеуметтік проблемаларды туындатады. Осыған байланысты министрлік мемлекеттік саясаттың екпінін халықтың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытында өзгерту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр», - деді ол.

Милюк атағандай, құқық бұзушылармен де, зорлық-зомбылық құрбандарымен де кешенді оңалту және психо-түзету жұмыстарына бет бұру керек.

«Қазіргі уақытта депутаттық корпуспен бірлесіп құқық бұзушылар үшін оңалту бағдарламаларын енгізу, балаларға отбасылық құндылықтар негіздерін, салауатты өмір салтын үйрету мәселелері қарастырылуда. Бұл бастамаларды отбасы институтын нығайтудың жекелеген мәселелері бойынша заң жобасы шеңберінде іске асыру жоспарланып отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қолданыстағы әлеуметтік қызметтерді жаңғырту және қауіп-қатер тобындағы адамдармен жұмыс істеу тәртібі пысықталуда.

«Тұрмыстық қылмыстың алдын алу үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдаланбай тиімсіз екенін атап өткен жөн.Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына баспана береді, құқықтық, медициналық, әлеуметтік, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетеді, тренингтер мен консультациялар өткізеді», - деді Алексей Милюк.

Дереккөз: baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде