{metadescription}
Алматыда бағдаршамға соғылған жүргізуші мерт болды

Алматыда бағдаршамға соғылған жүргізуші мерт болды

Алматыда 22 жастағы жүргізуші көлігін басқара алмай, бағдаршам бағанасын соққан.

Ол оқиға орнында көз жұмды. Қалалық полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы шілде күні сағат шамамен 07:44-ке Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

«1999 жылғы А. есімді жүргізуші «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін басқару кезінде Сайын көшесінен солтүстікке қарай, Шаляпин көшесімен қиылысар тұста көлігін басқара алмай, 9-шы шағынауданның 24-ші үйінің маңында кедергіге (бағдаршам бағаны, ред.) соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан жүргізуші оқиға орында көз жұмды. Аталмыш факті ҚР ҚК-нің 3-бөлімі 345-бабы бойынша Алматы ПД СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу жалғасуда», - деп ақпараттандырды Алматы қаласының ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде