{metadescription}
Теңіз кен орнының жұмысшылары ереуілге шықты

Теңіз кен орнының жұмысшылары ереуілге шықты

25 шілде күні ESS компаниясының жұмысшылары бойкот жариялап, жалақыны көтеруді талап етті.

«Теңізшевройлға» ESS/Compass-Kazakhstan мердігер компаниясының қызметкерлері еңбек қатынасына алаңдаушылық білдіргені белгілі болды. ТШО-ға мердігер компания басшылығының туындаған мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қабылдап жатқаны хабарланды. Бұл ESS/Compass-Kazakhstan компаниясының ішкі мәселесі болғандықтан, бұған қатысты барлық сауалды осы мекеменің басшылығына жолдаған жөн», - дейді компания мамандары.

«ESS Support Services» ЖШС бас директоры Майк Тайлор 213 қызметкер жалақыны көтеруді талап еткенін жеткізді. 

«Біз қызметкерлерімізді және олардың істеген жұмысын бағалаймыз. Сондықтан ашық диалог жүргіземіз және осы мәселені шешу үшін қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында жұмыс істейміз. Осы уақытта біз ESS ұжымдық шартының талаптарына сәйкес, жылдық инфляцияны ескере отырып, жалақыны жүйелі түрде қайта қарау бағдарламасын жүргізіп жатқанымызды хабарлаймыз», - деп атап өтті Майк Тайлор.

ESS компаниясы жылдық инфляцияны ескере отырып, жалақыны жүйелі түрде қайта қарау бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, 2021 жылдың қаңтар айында сағаттық төлем 6%-ке көтерілген болатын.

«Сонымен қатар ESS басшылығы негізгі мүдделі тараптармен, жергілікті билікпен, кәсіподақтармен бірге серіктестік аясында жұмыс істейді. Біз сонымен бірге қызметкерлермен кез келген мәселені талқылауға әрқашан дайынбыз», - дейді ол.

Интернетте Теңізде болған ереуілдің видеосы тарап жатыр. Онда ереуілдер толқыны Маңғыстаудан Атырау облысына ауысқаны айтылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде