{metadescription}
Елордада бір күнде 3 бала терезеден құлап кеткен

Елордада бір күнде 3 бала терезеден құлап кеткен

Ең кішісі төрт жаста, бала түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханада жатыр.

«Биыл 25 шілдеде сағат 17.39-да Күмісбеков көшесіндегі үйде төрт жасар бала 5-қабаттағы терезеден құлап кетті. Бала күтушінің үйінде болған. Бала терезеден құлап кеткен сәтте күтуші үйінде ұйықтап жатқан. Түрлі деңгейдегі жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді. Баланың анасы Бурабайға демалысқа кеткені анықталды», - деді қалалық Полиция департаментінің өкілі.

Тағы бір оқиға сол күні сағат 19.30-да болған. Полиция мәліметінше, 6 жасар қыз Қосшығұлұлы көшесіндегі үйдің екінші қабатынан жертөленің күнқағарына құлаған. Баланың әкесі ол уақытта көшеде болған.

«26 шілдеде аудандық полиция бөліміне ауруханаға 5 жасар бала жеткізілгені туралы хабар түсті. Тексеру барысында түнгі сағат бір шамасында кішкентай қыз С. Кубрин көшесіндегі үйдің 3-ші қабатындағы терезеден құлап кеткені анықталды. Түрлі деңгейдегі жарақаттармен бала реанимация бөліміне жатқызылды. Бұл уақытта баланың ата-анасы үйінде, ал бала өзінің бөлмесінде болған», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Полиция ақпаратына сүйенсек жыл басынан бері елордада көпқабатты үй терезесінен 18 бала құлап, бір бала көз жұмған.

Полицейлер ересектерді негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмау керек және оларды ашық терезелердің жанында ойнатпау керек. Антимоскиттік тордың шын мәнінде қорғамайтынын есте сақтаңыз. Терезе тұтқаларын алып тастаңыз немесе арнайы құлпы бар тұтқаларды қолданыңыз. Бекіткіштер орнатыңыз.

Балаңыздың өмірі мен денсаулығы өз қолыңызда екенін естен шығармаңыз!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде