{metadescription}
Ақмолада дауылдан үйлердің шатыры ұшып, тұрғындар жарықсыз қалды

Ақмолада дауылдан үйлердің шатыры ұшып, тұрғындар жарықсыз қалды

Ақмола облысы Степногор қаласындағы Изобильное ауылының 147 абоненті құйын желдің салдарынан жарықсыз қалды.

Қолайсыз ауа райынан елді мекендегі бірнеше үйдің шатыры ұшып кетті. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 шілде күні Степногор қаласындағы Изобильное ауылында сағат 18:15 шамасында дауылды жел соққаны жайлы хабар келіп түскен. Дауыл салдарынан электр бағаналары, ағаштар бүллінген, сондай-ақ тұрғын үйлердің шатырлары ұшып кеткен.

«Оқиға орнына келгенде елді мекенде 25-30 м/с жылдамдықпен соққан желдің салдарынан 17 электр бағанасының бүлінгені, бір үйдің шатыры толығымен, ал 29 тұрғын үйдің шатыры ішінара ұшып кеткені анықталды. Сондай-ақ ауыл клубы ғимаратындағы 20 шаршы метр аумақтың шатыры бүлінген. Сонымен қатар, дауыл жылу қазандығы ғимаратындағы 100 шаршы метр аумақтың шатырын ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтті ведомство.

Электр бағаналарының бүлінуі салдарынан ауылдың 147 абоненті жарықсыз қалды. Оқиға орнында «Көкше-энерго» ЖШС-ның апаттық тобы жұмыс істеуде. Сондай-ақ құтқарушылар атап өткендей, Бестөбе кентінде де үш тұрғын үйдің шатыры зақымдалған.

«Степногор қаласының әкімдігі елді мекендерге келген шығынды бағалау үшін, табиғи апаттың салдарын жою үшін комиссия құрды», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде