{metadescription}
Арыстағы жарылысқа кінәлі 16 адамға қатысты сот үкімі шықты

Арыстағы жарылысқа кінәлі 16 адамға қатысты сот үкімі шықты

26 шілдеде Шымкент қаласындағы әскери бөлімде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылысқа қатысты айыпталған 16 адамға үкім оқылды.

Сот 16 адамның 12-іне 4-10 жыл аралығында түрме жазасын берді, 4-і шартты түрде сотталды. Шартты жаза мерзімі 4 пен 7 жыл аралығы. Сотталушылардың біреуі үкіммен келіспейтінін айтты. Жәбірленушілер өздеріне өтемақы төленбегенін айтып, наразылық білдірді.

Жарыссөз сөзінде адвокаттар тергеп-тексеру барысында жіберілген заңсыздықтар туралы айтқан еді. Олар «жарылыстың шығу себебі анықталмады. Тағылған айып дәлелденбеді» деген. Арыстағы жарылысқа байланысты сот отырысы 2020 жылдың 11 маусымында басталды. 400-ден астам томнан құралған істе 16 адам айыпталушы, 1500 адам жәбірленуші деп танылған еді.

Сотталушылар арасында әскери қойманың командирі мен орынбасары да бар. Оларға «Жарылыс қаупi бар нысандарда қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» (281-бап), «Немқұрайлық» (371-бап) баптары бойынша айыптар тағылған.

Биыл қаңтарда сот «қылмыстық істегі кемшіліктерді жою және іске қатысы бар басқа да адамдарды қылмыстық жауапқа тарту үшін» істі прокуратураға қайта тергеуге жіберген еді. Ал 12 сәуірде Шымкент гарнизоны соты істі қайта қарай бастаған. Сот істе «мемлекеттік құпияға байланысты деректер бар» болғандықтан жабық өткен.

2019 жылы 24 маусымында Арыстағы әскери оқ-дәрі   қоймасы жарылып, соның салдарынан төрт адам қаза тапқан. Ресми мәлімет бойынша, қаладағы 7 527 үй мен көпқабатты 103 тұрғын үй зақымданған. Пайдалануға жарамсыз болып қалған 420 үй мен 3 көпқабатты тұрғын үй құлатылған. Кейін билік жарылыстан үйінен айырылған тұрғындарға баспана салып берді.

Дереккөз: azattyq.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде