{metadescription}
Елордада тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқарды

Елордада тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқарды

26 шілдеде елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Нұр-Сұлтандағы карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулысы күшіне енді.

«Оның негізінде қаладағы қоғамдық тамақтану нысандарының – дәмханалардың, мейрамханалардың, кофеханалардың және асханалардың жұмыс тәртібі өзгерді», - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа қаулыға сәйкес мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар, сол сияқты ашық ауада жұмыс істейтін орындар орналасқан жеріне қарамастан, енді дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 7-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн-форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады.

СОО мен сауда үйлерінің жұмыс кестесі осы нысандарда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация пунктері орналасқанына қарамастан сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып, жұмыс күндері режим сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгіленген.

Қалада бұрынғыдай ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды (Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін еске алу өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

Сұлулық салондары мен шаштараздар, сондай-ақ косметологиялық қызмет көрсету орталықтары тек жұмыс күндері 8.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуі керек.

«Ashyq» жобасы аясында жұмыс істейтін тамақтану орындарына, фитнес-орталықтарға, спорт нысандарына, бассейндерге, сауналарға, СПА-орталықтар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілсе, кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмысын ұйымдастыру 07.00-18.00-ге дейн жұмыс істейді. Ал сенбі-жексенбі жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Айта кету керек, карантинді қатаңдату – елордадағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус ауруының өсуіне байланысты мәжбүрлі шара.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде