{metadescription}
Луговойда ер адам пойыз бен платформа арасына құлап кетті

Луговойда ер адам пойыз бен платформа арасына құлап кетті

Жамбыл облысы Луговой стансасында Көліктегі полиция қызметкерлері патруль кезінде жүріп бара жатқан пойыз бен платформа арасындағы саңылауға құлап кеткен адамды байқап, оны шығарып алды.

«Биылғы жылдың 23 шілдесінде ер адам өзінің алаңғасарлығы салдарынан Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша пойызға кешігіп келеді. Шарасыз жолаушы вагонға қарай жүгіріп, жылжып бара пойыз есігін жанталаса қағады. Ол полиция қызметкерлерінің ескерту ысқырығына жауап берген жоқ. Салдарынан ол өзінің абайсыздығынан аяғы тайып, пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кетті. Бақытымызға орай, пойыз шұғыл тежегішті басып, тәртіп сақшылары оны пойыз астынан шығарып алды», - деді Көліктегі полиция.

Тексеру барысында полицейлер 31 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын анықтады. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жолаушы «орташа дәрежеде» мас күйінде болған.

ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша «алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда көріну» бабы бойынша бірден 2 әкімшілік хаттама жасалды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабы “Теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу” бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жазалар тағайындалды.

Полициядағылар атап өткендей, осы оқиғаға байланысты жоғарыда аталған пойыздың жоспардан тыс тоқтап, кешеуілдеу уақыты 3 минутты құрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде