{metadescription}
Дәрігер инфаркттың жасырын белгілерін атады

Дәрігер инфаркттың жасырын белгілерін атады

Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде инфаркттың көп жағдайда аса байқала бермейтін белгілерін атады.

Маманның айтуынша, кеуде тұсындағы ауырсыну, ентігу, қатты терлеу және әлсіздік осы қауіпті күйдің жиі кездесетін симптомы саналады. Сонымен қатар бұл негізгі белгілерден бөлек мойын, иық немесе жақтың ауыруы, сөздерден жаңылу, қарынның кебуі, қыжыл да жүрек жұмысында ақау пайда болғанын білдіреді. Дәрігердің  пікірінше, бұл күй көп адамда кездескенімен, олар бұл жағдайда жедел жәрдем шақыруға асықпайды.

"Ентігу болсын, ауырсыну болсын, жасырын немесе айқын белгілердің барлығы не себепті туындағанын анықтау керек. Егер уақытылы дәрігер көмегіне жүгінсеңіз, өлім қаупі – 3-6 процент, ал дер кезінде маманның алдына бармасаңыз 33 процентті құрайды. Сондықтан инфаркт туындау қаупінің деңгейін алдын ала білу керек", - деді Мясников.

Дәрігер жас ерекшелігі (45-тен асқан ерлер мен 50-ден асқан әйелдер), ерте инфаркт пен инсультқа қатысты тұқым қуалаушылық, темекі шегу, тығыздығы төмен холестериннің жоғары болуы және тығыздығы жоғары холестериннің төмен болуы, қандағы қант құрамы мен артериялық қысымның жоғарылуы және семіздік негізгі қауіп факторлары екенін айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 17,5 миллионнан астам адам жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан қайтыс болады. Сонымен қатар ерте инсульт пен инфаркттың шамамен 80 процентінің алдын алуға болады деген болжам бар. 

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде