{metadescription}
Ғалымдар Жер бетінде жаңа рекордтық аптап ыстық болатындығын ескертті

Ғалымдар Жер бетінде жаңа рекордтық аптап ыстық болатындығын ескертті

Жер бетінде температураның жоғарылау үрдісі жылдамдауда, бұл таяу онжылдықтарда ыстықтың үдей түсуіне соқтырады.

Цюрихтің Жоғары техникалық мектебінің ғалымдары ауа-райының әдеттен тыс ыстық кезеңдері парниктік газдардың бөлінуімен байланысты болуы мүмкін екенін анықтады. Газ шығарындылары неғұрлым жоғарылаған сайын аптап ыстық ұлғая бермек. Зерттеушілер сонымен бірге Жердің он жыл ішінде 0,18 градусқа дейін жылынатынын көрсетті.

Бұл тұжырымдар парниктік газдар шығарындыларын азайту керектігін көрсетеді, деп жазады ҚазАқпарат. Сонымен қатар, ғалымдар парниктік газдар Жердің климатын тез өзгертіп отырғандықтан, қазіргі қолға алынып жатқан шаралар жеткіліксіз деген пікір білдіріп отыр. 

«Алдағы онжылдықтарда қазіргі температуралық көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсетін рекордтық аптап ыстыққа дайындалуымыз керек», - дейді зерттеуге қатысушы Эрик Фишер.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.