{metadescription}
Жоғары оқу орнының кітапханасынан өрт шықты

Жоғары оқу орнының кітапханасынан өрт шықты

Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ.

Семейде өрт сөндірушілер жоғары оқу орнына тиесілі кітапханадан шыққан өртті сөндіріп жатыр. ШҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, өрт 1987 жылы салынған үш қабатты ғимараттан шықты. Оқиға орнына 50-ден астам өрт сөндіруші жетті. Өртті сөндіруге 14 бірлік техника жұмылдырылды.

"Өрт ошағы кітапхана ғимаратында орналасқан. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс істеуде. Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған", - делінген хабарламада.

Тілсіз жау сағат 8.05-те ауыздықталды. Төтенше жағдай себебін облыстық ТЖ департаменті анықтайды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде