Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram
Елордада TikTok-қа түспек болған жас жігіттерді полиция ұстап әкетті
Үш жігіт таңғы сағат бесте Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпірдің аркасына мініп алған.
Фото: Владислав Воднев
12:17 27.07.2021
Нұр-Сұлтанда TikTok-қа видео түсірмек болған жас жігіттер "Қараөткел" көпірінің аркасына шықты. Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 26 шілде күні болған. Үш жігіт таңғы сағат бесте Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпірдің аркасына мініп алған. Осы уақытта оларды ешкім байқамайды деп ойлаған. Бірақ TikTok "жұлдыздарының" әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.
Оқиға орнына бірден полиция экипажы аттанды. Тәртіп бұзғандар 19 және 21 жаста. Оларға айыппұл салынған жоқ. Полиция ондай әрекеттің қаншалықты қауіпті және тиісті жазаның бар екенін түсіндірді. Осыдан кейін үшеуі де босатылды. Ал жас жігіттер көпірдің аркасына не үшін шыққанын түсіндірді. Олар TikTok-қа видео түсіргісі келген. Бірақ жоспары іске аспай қалды.
Айта кетейік, экстремалдар "Қараөткел" көпірінің аркасына жиі шығып тұрады. Мәселен, шілденің басында үш жасөспірім үстінде күнге қыздырынып жатқан. Оларды альпинистік құрал-жабдықтармен түсіруге тура келді.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram