{metadescription}
Біреуі қайтыс болды – Алматыда бір топ адам уланды

Біреуі қайтыс болды – Алматыда бір топ адам уланды

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Алматының "Демеу" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану болып, бір адам қайтыс болды. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, 24 шілдеде 63 адам нәжіс бұзылуына байланысты шағым айтқан. 

Сөзінше, симптоматикалық емнен кейін түскі асқа қарай пациенттердің жағдайы жақсарған, деп жазады sputnik. Сол күні кешке жағдайы тұрақтанды. Орталықтың хабарлауынша, олардың шағымы жоқ. Ал қайтыс болған адамға бұған дейін екі рет операция жасалғаны анықталды.

"Жүрек-қантамыр жүйесі мен бүйрек созылмалы аурулары болған науқас қайтыс болды. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады", - деп түйіндеді Байғабылов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.