{metadescription}
Президент өкімдерімен бірқатар тағайындаулар болды

Президент өкімдерімен бірқатар тағайындаулар болды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен бірқатар тағайындаулар болды.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;

Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде