{metadescription}
Дзюдошы Ислам Бозбаев екінші кезеңде қарсыласынан жеңілді

Дзюдошы Ислам Бозбаев екінші кезеңде қарсыласынан жеңілді

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші айналымда жеңіліп қалды.

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әзірбайжандық қарсыласын ұта алмады. Мамадәлі Мехтиевпен өткен кездесу қосымша уақытқа (голден скор) дейін созылды. Қосымша уақытта отандасымыздың қарсыласы әдіс жасап, «вазар» ұпайымен Ислам Бозбаевты ұтты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аляқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов ұтып алған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде